377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түрік кемесі экипажының мүшелері құтқарған мигранттар кемені басып алды

  • 149
Түрік кемесі экипажының мүшелері құтқарған мигранттар кемені басып алды

Түрік кемесінің экипажы өзгені құтқарамын деп өздері зардап шекті.

Жерорта теңізінде түрік кемесі экипажының мүшелері құтқарған мигранттар кемені басып алды. Сөйтіп Мальтаға қарай бет алған. Кеме бортында 100-ден аса адам бар. Кейбір мәліметтерге сәйкес, мигранттар кемені өз бақылауына Ливия жағалауында алған. Мальта билігінің кеме капитанымен байланысқа шығу әрекеті әзірге сәтсіз аяқталып отыр. Ал шекара қызметі бар болғаны кемені бақылауға алып, оның Мальтаның аумақтық суларына кірмеуіне жол бермеуге тырысуда. Италиялық La Repubblica газетінің хабарлауынша, мигранттар Ливияға қайтарылатындықтарын білгеннен соң ғана кемені басып алды. Оқиға Ливия жағалауынан небәрі 6 миль қашықтықта болған кезде орын алған. Содан кейін кеме Италияға қарай беттеген. Өз кезегінде Италия Ішкі істер министрі Маттео Сальвини мигранттарды қарақшы деп есептеп, оларды елге кіргізбейтінін мәлімдеді.

Хабар 24 телеарнасы