379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бангладеште 22 қабатты ғимарат өртенді

  • 149
  • UPD: 22:45, 28.03.2019
Бангладеште 22 қабатты ғимарат өртенді

Бангладештің астанасында 22 қабатты ғимарат өртенді. Дакканың коммерциялық аймағында орналасқан ғимарат тұтастай отқа оранған.

Тілсіз жаудан сақтану үшін кей адамдар жоғары қабаттан секірген. 16 адам қаза тапты. Тағы он шақтысы түрлі жарақат алған. Олардың барлығы дереу ауруханаға жеткізілді. Өртті сөндіруге тікұшақ пен бірнеше техника жұмылдырылды. Ал оттың қайдан шыққаны және себебі әзірге белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы