379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ-да Қазақстан астанасының жаңа атауы алғаш рет аталды

  • 161
  • UPD: 23:30, 28.03.2019

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Сирия жағдайын талқылады. Бұл жолғы жиынға АҚШ әкімшілігінің Голан шыңдарын Израильдің бөлігі ретінде тануы себеп.

Таяуда Еуроодақ сыртқы саясат қызметінің басшысы Федерика Могерини Одақ мұны мойындамайтынын және осы мәселе бойынша халықаралық құқық ережелері мен Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын ұстананатынын мәлімдеген болатын. Мәжіліске қатысушылар Сирия мен Таяу Шығыс аймағында терроризммен бірлесіп күресудің және Сирия халқына қайырымдылық көмек көрсетудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ Сириядағы жанжалды саяси жолмен реттеу қажеттігін алға тартты. Бұл ретте Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері Астана процесі аясында өтетін келесі кездесуге үміт артып отыр. Мәжіліс барысында елордамыздың жаңа атауы осы құзырлы органда алғаш рет аталды.

Хабар 24 телеарнасы