377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та қызылшаға қарсы вакцинасыз қоғамдық орынға баруға тыйым салынды

  • 108
  • UPD: 23:26, 28.03.2019
АҚШ-та қызылшаға қарсы вакцинасыз қоғамдық орынға баруға тыйым салынды

Нью-Йорктің шеткі аудандарында қызылшаға қарсы екпе алмаған 18 жасқа дейінгі балалардың қоғамдық орындарға кіруіне тыйым салынды.

Себебі Рокленд округінде жұқпалы дерт өршіп тұр. Өңірде төтенше жағдай жарияланды. Бұл шара 30 күнге созылмақ. Билік ата-аналардан балалардың екпе алуын ескертіп жатыр. Бұған дейін төтенше жағдай Калифорния, Иллинойс, Техас және Вашингтон штатында енгізілген. Қазіргі уақытта мұнда 200-ге жуық бала қызылша дертіне шалдыққан.

Хабар 24 телеарнасы