379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытай су үнемдеуді қадағалауды күшейтіп жатыр

  • 139
  • UPD: 23:43, 28.03.2019

Қытай экологияны сақтау үшін су көздерін қадағалауды күшейтіп жатыр. Өйткені жерасты суларын шамадан тыс пайдалану, егістік алқаптарын тиімсіз суару және өндірістік қалдықтардың көбеюі су тапшылығын тудырады.

Бұл мәселе әсіресе елдің солтүстік өңірлерінде байқалып отыр. Дегенмен Қытайдың тіршілік көзін үнемдеудегі тәжірибесі мол. Мәселен, 2017 жылы жалпы ішкі өнімнің әрбір 10 000 юанына шаққандағы су тұтынудың көрсеткіші 30 процентке азайтылған. Бұған қоса салаға реформа енгізіп, шығынды бақылауға ақпараттық технологиялар мен интелектуалдық құрылғыларды пайдаланбақ. Сөйтіп, Қытай үкіметі 2020 жылға қарай су тұтынудың көлемін 670 миллиард шаршы метрден асырмаймыз деген ниетте.

Вей Шаньчжун, ҚХР су ресурстары вице-министрі: 

-Қытайдың солтүстігінде жерасы суларын шамадан тыс пайдалану жылына 5,5 миллиард текше метрді құрайды. Бұл өз кезегінде өзендер мен көлдердің сарқылуына алып келді.

Хабар 24 телеарнасы