389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Катарда жаңа ұлттық мұражай ашылды

  • 420
  • UPD: 07:45, 29.03.2019
Катарда жаңа ұлттық мұражай ашылды 23-59.com.ua

Француз сәулетшісі Жан Нувельдің жобасымен салынған ғимарат табиғат пен мәдениетке арналған.

52 шаршы метр жерді алып жатқан мұражайда шөлдегі халықтың өмірі, Осман империясы мен британ билігі кезеңіндегі мұрағаттар, теңізден маржан жинаушылар сияқты түрлі бөлмелер бар. Нувельдің айтуынша, мұражай ел символының біріне айналуы тиіс.

Айта кетейік, Сауд Арабиясы бастаған бірқатар ел 2017 жылдан бері Катарға бойкот жариялап, оны оқшаулап тастаған. Бірақ осыған қарамастан ресми Доха аймақта мәдениет пен өнер саласында көшбасшы елге айналуға күш салуда.

Хабар 24 телеарнасы