Париж тұрғындары Лувр пирамидасының 30 жылдығын атап өтуге әзірленіп жатыр.
Әйгілі архитектуралық нысан Ұлы француз төңкерісінің 200 жылдығына орай тұрғызылған болатын. Пирамида Триумф жолы деп аталатын Париждің архитектуралық белдігінің жалғасы саналады. Ол да әйгілі Эйфель мұнарасы сияқты алғашында қатты сынға ұшыраған. Тұрғындар «заманауи үлгідегі пирамида Париждің көне ренессанс стилімен үйлеспейді» деп жақтырмап еді. Алайда ол көп ұзамай туристердің сүйікті орнына айналды.
Нысанның отыз жылдық мерейлі датасы наурыздың 30-ынан бастап тойланатын болады. Салтанатты шараның басты сыйын әйгілі суретші Джей Иар дайындады. Арнайы жарық шоуы кезінде пирамида ізім-қайым жоғалады деп күтілуде.