377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иранда су тасқынынан 44 адам мерт болды

  • 115
  • UPD: 09:30, 29.03.2019
Иранда су тасқынынан 44 адам мерт болды aa.com.tr

Иранда толассыз жауған жаңбыр салдарынан су тасқыны болып, қаза тапқандар саны 44-ке жетті.

Бұл туралы Анадолы агенттігіне сілтеме жасап, Қазақпарат хабарлайды.

Оның айтуынша, су тасқыны салдарынан 44 адам мерт болып, 265-і зардап шеккен.

«Табиғи апаттан Фарс провинциясында 21 адам, Гулистан провинциясында -7, Мазендеран провинциясында 5 адам, Солтүстік Хорасан провинциясында үш адам, Кохгилуйе, Бойерахмед және Лористан провинцияларында екі адамнан, Керманшах, Хузестан, Хамадан және Симнан провинцияларында бір адамнан мерт болды», - деді Ханке.

Оның айтуынша, Фарс, Керманшах, Гулистан, Лористан, Илам, Симнан, Солтүстік Хорасан, Резеви Хорасан, Хузистан, Бушер, Кохгилуйе және Бойерахмед, Хамадан, Керман провинцияларында 265 адам зардап шеккен. Бұған қоса, 47 адам клиникаларда ем қабылдап жатыр», деді басқарма бастығының орынбасары.

Хабар 24 телеарнасы