377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда екі пойыз соқтығысып, 50-ден астам адам зардап шекті

  • 124
  • UPD: 10:15, 29.03.2019
Италияда екі пойыз соқтығысып, 50-ден астам адам зардап шекті news.bigmir.net

Италияның солтүстігінде екі жолаушылар пойызы соқтығысып, 50-ден астам адам зардап шекті.

Италиялық Инвериго коммунасында (Комо провинциясы, Ломбардия) екі пойыз құрамы бір-біріне соғылды. Оқиға пойыздардың бірі семафордың тыйым салынған белгісіне өтіп кеткендігінен болған.

Алдын ала ақпарат бойынша 50 адам жеңіл жарақат алған. Оларға көмек оқиға орнында берілді. Тағы алты адам ауыр жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.

Қазіргі уақытта тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы