380.89 423.60 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гватемалада жол апатынан 18 адам көз жұмды

  • 114
  • UPD: 12:47, 29.03.2019
Гватемалада жол апатынан 18 адам көз жұмды Комсомольская правда

Гватемаланың батысындағы Науала қаласында жүк көлігі бір топ адамды қағып өтті.

Рейтер ақпарат агенттігі оқиғадан 18 адам қаза тапқанын хабарлайды. Олардың ішінде балалар да бар. Ал жергілікті БАҚ өкілдері 30-дан астам адам мерт болды деген мәлімет таратты. Қазір жарақат алған 12 тұрғын дәрігерлердің жіті бақылауында. Апатқа қатысты тергеу ісі басталып кетті. Ал ел президенті Джимми Моралес өзінің Twitter-дегі парақшасында қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, оларға барынша көмек көрсетілетінін жазды.

Хабар 24 телеарнасы