379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Беларусьте экономикалық көрсеткіш көңіл көншітпейді

  • 114
  • UPD: 15:13, 29.03.2019

Беларусьте жылдың алғашқы тоқсаны қорытындыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сараптамада жыл басынан бергі жұмыс орындарының қысқаруы мен азық-түлік бағасының өсуі ескерілген. Мәселен, ақпан айында республика бойынша 50 адам жұмыссыз қалған екен. Беларусьтің статистикалық агенттігі осындай тұщымсыз ақпар таратып отыр. Бұдан бөлек сарапшылар, еңбек өнімділігінің қысқарғанын атап өтті. Екінші жағынан, «Беларусь азаматтарының жеке кәсіпкерлікке бет бұрғаны қуантады», – дейді мамандар. Мәселен, Минсктің өзінде жеке кәсіпкерлердің саны 80 мыңға жуықтаған. Сарапшылардың пікірінше, жалпы экономикалық көрсеткіштердің мардымсыз болуына әлемдегі тұрақсыздық себеп.

Георгий Гриц, Беларусь мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі:

- Әлем экономикасының аймақтық үдерістерге тәуелділігі байқалады. Қазір жаһандану процесінің өңірлік экономикаға бет бұрғанын көріп отырмыз. АҚШ президенті Трамптың экономикалық саясаты Еуропалық одақ, Қытай мен Ресейге қарсы шығып отыр. Сол себепті, Беларусь пен Қазақстан өзіне сенімді серіктес іздеуі тиіс. Олар ТМД және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің қатарынан болуы да мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы