384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда қатты қалдықтардың импорты қысқарады

  • 348
  • UPD: 15:12, 29.03.2019
Қытайда қатты қалдықтардың импорты қысқарады

Қытай келер жылдың басына дейін қатты қалдықтардың импортын тоқтатады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл шара арқылы көрші ел қоршаған ортаны қорғау мақсатында қайта өңдеуші кәсіпорындардағы қалдықтардың көлемін азайтуды көздеп отыр. Тиісті ведомство өкілдері хабарлағандай, Бейжің жылдың соңына дейін болат, мыс, титан мен алюминийдің көп мөлшердегі импортына тыйым салады. Қытай үкіметінің пікірінше, ішкі нарықта өндірілетін мұндай қалдықтардың көлемі жетіп артылады.

Айта кетерлігі, былтыр Шығыс елі қатты қалдықтардың 23 миллион тоннасын сырттан алдырған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 47 процентке аз.  

Хабар 24 телеарнасы