377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гуайдо мемлекеттік қызметтен 15 жылға шеттетілді

  • 127
Гуайдо мемлекеттік қызметтен 15 жылға шеттетілді Vesti.ru

Венесуэла билігі оппозиция лидері Хуан Гуайдоны мемлекеттік қызметтен 15 жылға шеттеді.

Бұған оның қаржы декларациясындағы ереже бұзушылықтары себеп болған. Бұл туралы Венесуэланың бақылау басқармасының басшысы Элвис Аморосо мәлімдеді. Мемлекеттік бақылаушының айтуынша, ақпан айында Гуайдоға қатысты тексеріс жүргізілген. Оған сәйкес, ол өзінің жеке қаржылық жағдайы туралы жалған ақпарат беріп, рұқсат етілмеген жолмен халықаралық және ұлттық құрылымдардан қаражат иемденген. Осыған байланысты енді оппозиция лидеріне 15 жыл бойы мемлекеттік қызметке тағайындалуға тыйым салынады. Бұл – ереже бұзған мемлекеттік қызметшілерге берілетін ең ұзақ мерзім. Өз кезегінде Хуан Гуайдо биліктің бұл шешімін заңға қайшы деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы