376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексика АҚШ-қа бет алған мигранттар керуенін тоқтатпақ

  • 86
Мексика АҚШ-қа бет алған мигранттар керуенін тоқтатпақ

Мексика Орталық Америкадан шыққан жаңа мигранттар керуенін тоқтатуға дайындалып жатыр.

Ішкі істер министрінің мәлімдеуінше, керуен Сальвадор, Гондурас және Гватемаладан шыққан босқындардан құралған. Кейбір мәліметтерге сәйкес, олардың саны 20 мыңнан асуы мүмкін. Енді АҚШ шекарасына қарай беттеген мигранттарды тоқтату үшін федералды полиция мен көші-қон агенттерінен жасақталған қорғаныс шебі құрылмақ. Алайда жолдағы тосқауылдар мен бақылау-өткізу пункттері бұған дейін де келімсектер легін тоқтата алмаған. Қазір Мексика мигранттарға шекарада гуманитарлық виза беруді тоқтатып, адамдардың қалаларда түнеуіне ерік бермей жатыр. Өз кезегінде ел президенті Обрадор мигранттар контрабандасымен күресуге Мексиканың үлес қосатынын жеткізді.

Андрес Мануэль Лопес Обрадор, Мексика президенті:

– Біз Дональд Трамптың ұстанымын құрметтейміз және оған көмектесеміз. Бұл тек АҚШ-тың немесе Орталық Американың ғана мәселесі емес. Мен Мексикадан АҚШ-қа жол тартқан мигранттар легінің аз екенін айтқым келеді. Қазір мексикалықтар құрама штаттарға жұмыс іздеп барып жатқан жоқ. Олардың көбі – көршілес Орталық Америка елдерінің тұрғындары.

Хабар 24 телеарнасы