379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бельгия Ұлыбританияның ЕО құрамынан шығуына дайындалуда

  • 110
Бельгия Ұлыбританияның ЕО құрамынан шығуына дайындалуда

Бельгия билігі Ұлыбританияның Еуроодақ құрамынан келісімсіз шығуына дайындалып жатыр.

Брексит келісімсіз өтсе, Бельгия экономикасы 4 миллиард еуро шығынға ұшырап, ел азаматтарының сатып алу қабілеті екі жарым пайызға төмендеуі мүмкін. Жалпы бұл мемлекет Ұлыбританияның одақтан шығуынан ең көп зардап шегетін 4 елдің қатарында. Егер Лондон 12 сәуірге дейін қауымдастықтан шығу жолын анықтамаса, Бельгия үкіметі азық-түлік қауіпсіздігі және дәрі-дәрмектер сатылымын бақылайтын ұлттық агенттігі, сондай-ақ кеден мен полиция қызметкерлерінің санын арттыруға мәжбүр болады.

Шарль Мишель, Бельгия премьер-министрі:

– Брексит экономикасына қатты әсер ететін өзге төрт елдегі серіктестерімізбен бірлесіп жұмыс істедік. Осы ретте талай мәселе туындайтынын жақсы білеміз. Сол себептен қажет болған жағдайда түрлі 250 заңнамалық, реттеуші және жедел шараны қабылдадық. Мысалға, қазір біз Ұлттық теміржол компаниямыз бен кеден қызметімізді Британияның Еуроодақтан келісімсіз шығуына дайындап жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы