378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бангладеште өрттен қаза тапқандардың саны артты

  • 111
  • UPD: 17:10, 29.03.2019
Бангладеште өрттен қаза тапқандардың саны артты life.ru

Дакка қаласындағы өрттен қаза тапқандардың саны 25-ке жетті.

Бұл туралы Рейтер ақпарат агенттігі хабарлайды. Естеріңізге салайық, кеше ел астанасында түскі уақыт кезінде 22 қабатты ғимарат тұтастай отқа оранды. Тілсіз жаудан қашқан адамдар жоғары қабаттан секірген. 70-ке жуық адам түрлі жарақат алды. Өртті сөндіруге тікұшақ пен бірнеше техника жұмылдырылды. Оқиға орнында әлі де 25 өрт сөндіруші жұмыс істеп жатыр. Тергеу ісі жалғасуда.

Хабар 24 телеарнасы