380.89 423.60 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та қызылшаға қарсы екпе алмаған оқушы мектепке кірмейді

  • 104
  • UPD: 19:43, 29.03.2019
АҚШ-та қызылшаға қарсы екпе алмаған оқушы мектепке кірмейді

АҚШ-та қызылшаға қарсы екпе алмаған 18 жасқа дейінгі балалар мектепке кірмейді.

Сауда орталықтарында шектеу бар. Нью-Йорктің шеткері аудандарындағы жағдай осы. Оған жұқпалы дерт, қызылшаның өрши түсуі себеп. Қазір өңірде 30 күнге дейін төтенше жағдай жарияланған. Калифорния, Иллинойс, Техас және Вашингтон штаттарында да жағдай қатаң бақылауда тұр. Қазіргі онда 200-ге жуық бала қызылша дертіне шалдыққан. Қызылша өзге елдерде де дендеп тұр. Мысалы, былтыр Еуропада 82 мың адам осы жұқпалы дертке шалдықса, 72-сі көз жұмған. Украинадағы жағдай тіптен мүшкіл. Жыл басынан бері 20 мың адам ауру жұқтырып, 20-сы қайтыс болды. Былтыр мұнда қызылшамен 53 мың адам ауырған екен.  

 

Хабар 24 телеарнасы