379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырғызстанда кәсіпкерлерге несие беру шарттары жеңілдетіледі

  • 87
  • UPD: 09:44, 30.03.2019
Қырғызстанда кәсіпкерлерге несие беру шарттары жеңілдетіледі

Қырғызстанда ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге несие беру шарттары жеңілдетіледі.

Бұл бастаманы Қырғыз-Ресей даму қоры қолға алған. Осыған дейін қор негізінен ірі жобаларды қаржыландырып келген. Енді шағын және орта бизнеске де көмек беру мәселесі пысықталды. Оларға берілетін несиелердің пайыздық мөлшерлемесі нарықтағыдан төмен болады. Сондай-ақ, инвестициялаудың жаңа құралдарын енгізу көзделіп отыр. Мысалға, кепілге алынатын соманы азайту, бизнеске үлескер ретінде қатысу және стартаптарды қаржыландыру бастамалары бар. 

Сергей Пономарёв, ұлттық іскер клубының төрағасы:

- Стартаптар идеясына қарай бағаланады. Мен бұны қолдап отырмын, себебі біреуде ақшасы болмаса да, керемет ойы болуы мүмкін. Жақсы идеяға әрқашанда инвесторларды табуға болады. Бұны жалпы тәжірибе көрсетіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы