384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Солтүстік Корея уран байытуды жалғастырып жатыр

  • 470
  • UPD: 11:42, 30.03.2019

Солтүстік Корея бұған дейін демонтаждауға талпынған Сохэ полигонын қайта қалпына келтіріп жатыр.

Оған қоса уранды байыту ісін жалғастыруда. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның парламентарийлері мәлімдеді. Олардың пікірінше, Солтүстік Корея  мен АҚШ-тың арадағы келіссөздері тығырыққа тірелгендіктен, Корей Халық демократиялық республикасы зымыран арқылы арандаушылыққа жол ашып отыр. Естеріңізге сала кетсек, ақпан айының соңында АҚШ және Солтүстік Корея басшылары Вьетнамдағы саммитте бас қосқан болатын. Алайда саммит мерзімінен бұрын аяқталып, нәтижесінде ешбір құжатқа қол қойылмады. Пхеньянның ядролық бағдарламасына шектеу енгізуге, ал Вашингтон сәйкесінше саяси-экономикалық санкцияларды алуға қарсы болған.

Хабар 24 телеарнасы