379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тереза Мэйдің Brexit бойынша жоспары тағы өтпей қалды

  • 106
  • UPD: 11:27, 30.03.2019
Тереза Мэйдің Brexit бойынша жоспары тағы өтпей қалды

Ұлыбритания Парламенті Тереза Мэйдің Брюссельмен келісілген Брекзит жоспарын үшінші мәрте қабылдамай тастады.

286 депутат Еуроодақтан шығу келісімін қолдағанымен, 344 депутат оған қарсы дауыс берді. Осылайша Біріккен Корольдік 12 сәуір күні Еуропалық Одақтан жоспарсыз шығуы қаупі арта түсті. Осыған байланысты, Дональд Туск сәуірдің 10 күні кезексіз саммит шақыратын болды. Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылы Ұлыбритания Еуропалық Одақтан шығу мәселесін халықтық референдумға салған. Наурыздың 29-ы күні Ұлыбритания Одақтан шығуы тиіс болатын. Алайда британ Парламенті Брекзитке ортақ мәмілеге келе алмағандықтан Одақтан шығу процесі ақыры іске аспады. Ұлыбритания премьері Тереза Мэй Еуроодақпен ұзақ уақыт бойы келіссөздер жүргізіп, жобаны дайындағанымен жоспар Парламент тарапынан қолдау таппады.

Хабар 24 телеарнасы