376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израильден әлемдегі ең ұзын тұзды үңгір табылды

  • 158
  • UPD: 12:15, 30.03.2019

Әлемдегі ең ұзын тұзды үңгір Израильден табылды. Оның ұзындығы 10 шақырым.

Үңгір Өлі теңіз маңындағы Садом дөңінің тұсында орналасқан. Христиандардың Киелі Кітабында келтірілгендей, аспаннан жауған от Садом мен Гаморраны жойып жатқанын көру үшін артына жалт қараған Лоттың әйелі сол мезетте тұзды мүсінге айналып кеткен екен. Ғалымдар бұл шамамен осы өңірде болуы мүмкін дегенді айтады. Үңгір жүздеген қалтарыстан тұрады. Ол Ирандағы 7 шақырымды құрайтын «Үш  жалаңаштың үңгірінен» асып түскен. Тоғыз елдің ғалымдары екі жыл бойы Садом үңгірін зерттеп, әрбір қалтарысы мен жерасты жолын картаға түсірген.

Хабар 24 телеарнасы