379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Токиода сакура гүлдеді

  • 147
  • UPD: 12:29, 30.03.2019
Токиода сакура гүлдеді

Осы шие ағаштарының гүлдеуін тамашалау - жапон мәдениетіне тән дәстүр.

Әр көктем сайын елге 5 миллионнан астам турист ағылады. Бұл  кезең жапондықтарда ханами деп аталады. Ол жаңа қаржылық және оқу жылының басталуымен пара-пар келеді. Шие ағаштарының гүлдеуін көру үшін жергілікті тұрғындар саябақтарға балалары, достары және әріптестерімен бірге келеді. Осы күндері гүлзарда бос орын табу қиын. 

Юкио Щидзуки, Ичихара қаласының тұрғыны:

- Сакура жапондар үшін маңызды мемлекеттік рәміз. Ағаштар гүлдегенде, міндетті түрде сыныптастарымен бірге жиналамыз. Достарымызбен көрісіп, амандығын білу дәстүрімізге айналған.

Асука Хасе, Токио тұрғыны:

-  Мен үшін ханами - жұмыста жаңа жобалар басталатын кез. Ал жеке өміріме келетін болсақ, жарымды тапқым келеді.

Хабар 24 телеарнасы