388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Парижде жасыл экономиканы дамытуға арналған форум өтті

  • 515
  • UPD: 13:57, 30.03.2019

Парижде жасыл экономиканы дамытуға арналған халықаралық форум өтті. Оған әлемнің 50 елінен келген бір жарым мың адам қатысып отыр. Биылғы басқосудың басты тақырыбы пластик қалдықтарын қайта өңдеу.

Конференция табиғат жанашырлары экологтар, кәсіпкерлер мен қарапайым адамдардың басын қосты. Олар биліктің немқұрайлығын сынға алды.

Николя Азар, стартаптарды дамыту тобының президенті:

- Мемлекеттер өздігінен жағдайды өзгертетініне сенбеймін. Біз Францияда 2030-жылға дейін газдар эмиссиясын төмендетуді шешкен сияқты едік, бірақ соңғы оның артпаса кемігенін көрген жоқпын. Үкіметке, Еуроодаққа сенген едік, бірақ ілгерілеу байқалмайды. Сонда не істейміз? Құр қарап отырамыз ба? Жоқ, өзіміздің мәселені шешу әдіс-құралдарымыз бар. Жергілікті деңгейде әрекет етіп, барлық саланы дамытуға күш саламыз.

Көптеген стартаптар экологиялық жобалар экономикалық тұрғыдан да тиімді бола алатынын дәлелдеп отыр. Мұнда ескі пластик шөлмектерден 3Д технологиясының көмегімен жаңа нысандар шығаратын жоба ұсынылды.

Кассандра Делаж, Plast’if стартапын құрушы:

- Көлемі жағынан үлкен де, шағын да заттарды жасауға болады. Жиһазды басып шығара аламыз. Бүгінде стөлдер мен орындықтарды шығарып көрдік. Алдымен ұсақ бөліктері басылады, сосын олардан құрастырамыз. Біздің мақсатымыз кәсіпорындарды пластик қалдықтарынан жаңа бұйымдар өндіруге қызықтыру болып отыр.

Ананас жапырақтарынан жасанды былғары жасау, экологиялық қаптама, пластиктен құрастырылған жүк велосипедтері және құрылыс материалдары. Көрмеде ұсынылған бұл жобалар нарыққа жаңа ғана шыға бастаған. Мәселен Франция мен Сенегалдың бірлескен стартабы жиналған пластик шөлмектерді қайта өңдеуге арналған. Экологтардың айтуынша, қазірдің өзінде жасыл технологиялар экономиканың толыққанды саласына айналды. Тек Парижде өзінде жаңа жұмыс орындарының 10%  құрап отыр.

Авторлары: Әлия Сыздыкова, Бекхан Тепсаев

Хабар 24 телеарнасы