376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Беларусьте tax free жүйесі енгізілген кезден бері туристер ағыны 40% артқан

  • 110
  • UPD: 14:55, 30.03.2019

Беларусь елінде tax freе жүйесі енгізілгелі бері туристер ағыны 40 процентке артқан. Бұл жаңашылдықты Минск ТМД бойынша алғашқылардың бірі болып қолданды. Ал Қазақстан бұл жүйеге 2022 жылы көшуді жоспарлап отыр. Қосымша құн салығын қайтару Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы әуежайларда жүзеге асырылмақ.

Tax Free жүйесі қосымша құн салығымен тікелей байланысты. Яғни шетелге шопинг жасауға шыққан туристер сатып алынған тауар құнының белгілі бір бөлігін қайтарып ала алады. Мұндай жүйесі бар елде демалу тек жағымды ғана емес, пайдалы да бола түспек.  Ал Қазақстанда Tax Free жүйесі енгізілсе, келіп кеткен туристер елімізде сауда жасауға жаратқан сомасының 12 процентін қайтарып ала алады. Қажетті қаражат мемлекет қазынасынан  бөлініп, туристерге үш ай ішінде қайтарылады. Бұл үдерісті жүзеге асыруға Premier Tax Free, Global Blue және Innova Tax Free операторлары тартылуы мүмкін.

Марина Шиндикова, «Белкеденсервис» коммерциялық басқарма басшысының орынбасары:

- Әлемдік тәжірибеде такс-фри жүйесі елдегі сауда мен туризмді дамыту үшін қолданылады. Қолдану қағидаттары барлық елде бірдей жүргізіледі. Жүргізілген сараптама нәтижесі бойынша такс-фриге қызығушылық арта түскен. Яғни туристер осы жүйе енгізілген елдерге басымдық беріп келеді.

 TaxFree жүйесі сауда айналымын жақсартып қана қоймай, арнайы шопинг үшін шыққан туристердің ағынын арттырады. Бұл Қазақстандағы туризм саласын дамыту бойынша 2019-2025 жылдары жүзеге асырылатын мемлекеттік бағдараламардың қатарында бар жүйе. 

Таисия Полячкова, «Белкеденсервис» басқармасының маркетологы:

- Такс-фриді Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерінен өзге барлық туристер қайтарып ала алады. Беларусь еліндегі бұл жүйе арқылы шетелдік қонақтар тауарға қосылған құн салығының 15 процентіне дейін қайтарып алады.

Беларусь посткеңестік елдер ішінде туристерге сауда жасаған соманың белгілі бір процентін қайтарып беретін алғашқы мемлекет. Алғашында жүйенің өз қиыншылықтары болған. Жергілікті дүкендер жаңа ережеге ілесе алмаған соң, қағаз жүзінде ғана жұмыс істеген еді. Мәселен Брестте жүйе ресми түрде енгізілгеннен кейін бірнеше айдан соң ғана іске қосылған. Сарапшылардың есептеуі бойынша TaxFree жүйесі туристер ағынын 40 процентке көтеріп отыр. Тіпті шетелдіктер мемлекет аумағында ұзаққа қалып, тәулігіне 100-120 еуро жұмсайтын болған.

Авторлары: Алексей Родионов, Дмитрий Лукша, Владимир Струк

Хабар 24 телеарнасы