378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иранда су тасқынынан қаза тапқандар саны артты

  • 141
  • UPD: 15:20, 30.03.2019
Иранда су тасқынынан қаза тапқандар саны артты

Иранда өткен аптада басталған су тасқынынан қаза тапқандардың саны 44-ке жетті. Жүздеген тұрғын жарақат алды.

Ондаған мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Тасқыннан көптеген елді-мекенді су басқан. Жолдар мен көпірлер қирап, қатынас қиындаған. Қазір апат аймақтарында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Қызыл жарты ай ұйымы 43 мыңнан астам адамға көмек көрсетті. БҰҰ-да шұғыл шаралар қабылдап жатыр. Бірақ елге салынған санкциялар көмектің қажетті мөлшерде көрсетілуіне кедергі болып тұр. Ал президент Хасан Рухани табиғат апатынан жапа шеккендердің шығыны толықтай өтелетінін мәлімдеді.

Хабар 24 телеарнасы