379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президент Трамп Мексикамен шекараны жабатынын ескертті

  • 161
  • UPD: 23:13, 30.03.2019
Президент Трамп Мексикамен шекараны жабатынын ескертті

АҚШ келесі аптада Мексикамен шекараны жабуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Президент Дональд Трамп Twitter-дегі парақшасында осылай деп жазып сес көрсетті. Ақ үй басшысының айтуынша, бұған Мексика билігінің Америкаға ағылған заңсыз мигранттарға тосқауыл қоймай отыруы себеп. Трамптың пікірінше, көрші мемлекет мәселені шешуге қомақты қаржы алып отырғанымен, онымен күресуге ниетсіз.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ қорғаныс министрлігі Мексикамен шекараға қорған салуға 1 миллиард доллар бөлінетінін хабарлаған. Қаржы Юма мен Эль-Пасо қаласы арасындағы 91 шақырым жерге қорған тұрғызуға жұмсалмақ.

Хабар 24 телеарнасы