379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Армения студенттері енді оқу ақысын бөліп төлей алады

  • 121
  • UPD: 23:12, 30.03.2019

Осылайша «Гүлденген Армения» партиясына мүше депутаттар жоғары оқу орындарында оқитын 80 мың жастың мүддесін қорғап қалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқу ақысын ай сайын төлеп тұру туралы 400-ден аса арыз түскеннен кейін, «Білім беру туралы» заңға тузетулер енгізілді. Арменияда жоғары білім алудың жылдық ақысы бір мың доллардан басталады. Ал Дүниежүзілік банктің болжамынша, 2019 жылы елдегі жұмыссыздық 18% асып, кедейлік деңгейі 38% жетуі мүмкін.

Тигран Уриханян, Армения ұлттық жиналысының депутаты:

- Елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай мәз емес, сол себептен түрлі салалардағы мәселелерді осы тұрғыдан қарастыру керек. Бұл оқығысы келетін, бірақ оған мүмкіндігі мен қаражаты жетіспейтін адамдарға көмек. Ең қызығы, жұмыс істейтін көптеген адамдардың да тұрмысы нашар, елдегі әлеуметтік жағдай өте күрделі.

Хабар 24 телеарнасы