379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ташкентте гигиеналық орталықта тегін Wi-Fi таратылады

  • 121
  • UPD: 23:12, 30.03.2019

Ташкентте ерекше дәретхана ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Санитарлық гигиеналық орталықта тіпті тегін Wi-Fi таратылады. Ал ғимараттың сыртқы қабырғасына қаланың картасы жапсырылған. Онда көне шаһардағы тарихи және мәдени орындар мен метро бағыты, бизнес орталықтар мен дәмханаларға дейін көрсетілген. Жедел желі мен сайттардың сілтемесі де жазылыпты. Бір сөзбен айтқанда, әлем кезген жолаушылардың қажетті ақпаратын алып, қалаған жеріне баруына жол сілтейді. Жаңа жобаны Ташкенттік архитектор Мырзабек Жораев ойлап тауыпты. Мүмкіндігі шектеулі болса да қолынан талай іс келетін жігіт орталықты өздігінен жүріп тұра алмайтын жандарға ыңғайлы етіп жасаған. Темірмен тұрғызылған дәретхананың сырты ыстық пен суық өткізбейтін қаптамамен қапталған. Орталық кәріз жүйесіне қосылған. Жылы суы тағы бар. Мүгедектер мен көше сыпырушыларға тегін қызмет көрсетеді. Болашақта қала аумағынан тағы осындай 61 санитарлық-гигиеналық орталық салу жоспарланып отыр екен. 

Мырзабек Жораев, архитектор:

- Бұл бірнеше жыл бұрын қолға алынған идея болатын. Қалада дәретхана салу әрі сауапты іс бір жағынан кәсіп. Өткен жылы президент қаулысы шығып, онда кәсіпкерлерге салықтан жеңілдік беріледі деген смс хабарламалар келді. Сондағы көрсетілген жеңілдіктер мен қолдаулар бізге түрткі болды. Өз ойымыздағы істі жүзеге асыруға мүмкіндік берді. 

элбек набиев, ташкент қаласы әкімдігінің туризмді дамыту департаментінің бөлім басшысы:

- Ташкент қаласының жеке сайтын ашу жоспарлары қарастырылып жатыр. Онда қаладағы барлық мәліметтер сайтқа жайғастырылып, осындай санитарлық-гигиеналық орталықтарға ілінеді. Кез келген адам сол арнайы кодты пайдалану арқылы қажетті мәлімет алады. Бұл туризмді дамытуға көп көмегін тигізеді.

Хабар 24 телеарнасы