389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венесуэлада 21 штат жарықсыз қалды

  • 332
  • UPD: 23:14, 30.03.2019
Венесуэлада 21 штат жарықсыз қалды

Венесуэлада электр жүйесі тағы істен шығып, 21 штат жарықсыз қалды.

Осы аптада екінші рет қайталанып отырған апаттың себептері әлі белгісіз. Елде ұялы телефон байланысы нашарлаған. Оппозиция халықты наразылық шеруіне шақыруда.

Еске сала кетейік, Венесуэлада электр энергиясымен байланысты мәселе алғаш рет наурыздың 7-сінде туындаған. Ол кезде елдегі ең үлкен «Эль Гури» су электр станциясында апат болып, бүкіл елде жарық сөніп қалды. Салдарынан ауызсумен қамту жүйесі істен шығып, халық көп зардап шекті. Николас Мадуро апат америкалықтардың кибершабуылының салдары десе, оппозиция үкіметтің біліксіз басқаруынан дегенді айтады. Себебі, елдегі әлеуметтік-экономикалық дағдарыстан көптеген маман өзге елдерге бас сауғалап кеткен.

Хабар 24 телеарнасы