389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алжир халқы президент билігіне қарсы

  • 441
  • UPD: 23:14, 30.03.2019
Алжир халқы президент билігіне қарсы

Алжирде президент Абдельазиз Бутефликаға қарсы тағы наразылық шеруі өтті.

Халық 82 жастағы науқас басшының билігіне қарсы және елдегі саяси жүйені өзгертуді талап етуде. Олар «мемлекеттің даму бағытын өзге елдер емес, алжирліктер анықтауы тиіс» дейді.

Еске сала кетейік, Алжирде наразылық ақпан айында президент Бутефлика сайлауға үміткер ретінде тіркелгеннен кейін басталған. Себебі, халық арбаға таңылған науқас президенттің ел басқаруына қарсы. Жаппай толқулардан соң наурыздың бас кезінде Бутефлика сайлауға қатыспайтынын және оның кейінге шегерілетінін мәлімдеген еді. Бірақ халық «Бутефлика бұл арқылы билікті сақтап қалғысы келіп отыр», – дейді. 

Хабар 24 телеарнасы