376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемде егде жастағы адамдардың саны күрт өсіп келеді

  • 135
  • UPD: 23:14, 30.03.2019
Әлемде егде жастағы адамдардың саны күрт өсіп келеді

БҰҰ-ның мәліметінше, 2050 жылы алпыстан асқандардың саны екі есе артып, 2 миллиардтан асып кетеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халықтың қартаюына негізінен бала туудың азаюы мен өмір сүру ұзақтығының өсуі себеп болып отыр. Әлемдегі демографиялық мәселелерге арналған түрлі форумдар өтіп, ХХІ ғасырда халықтың қартаю мәселелері талқыланған. Егде жастағы адамдарды күту мен денсаулығын сақтауға бағытталған нақты шаралар қазір қабылданып жатыр. Қартаю мәселелері бойынша Мадрид саяси декларациясында егде жастағылардың әл-ауқатын арттыру және қажетті жағдай жасаудың нақты жоспары жасалған.

Кейн Вудс, «Пресвитериан әйелдері» үкіметтік емес ұйымның өкілі:

- Әлемде егде жастағылар саны артып келеді. Денсаулық сақтау саласы жақсаруына байланысты адамдардың өмір сүру ұзақтығы артты. Осы ретте егде жастағы әйелдер теңдігі сауалы туындап тұр, оған басты назар аудару қажет. Себебі әдетте әйелдер ерлерге қарағанда ұзақ өмір сүреді.

Хабар 24 телеарнасы