379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бангладеште базар өртеніп, 150 дүкен жанып кетті

  • 104
  • UPD: 07:25, 31.03.2019
Бангладеште базар өртеніп, 150 дүкен жанып кетті

Бангладеш астанасында тағы ірі өрт болды.

Бұл жолы Дакка қаласында базар өртке оранып, 150 дүкен тып-типыл жанып кетті. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, оқиға кезінде қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ. Мамандар таңсәріде шыққан өртті тек 2 сағаттан соң сөндірді. Әзірге оттың неден тұтанғаны белгісіз.

Еске сала кетейік, екі күн бұрын Даккада зәулім ғимарат өртке оранып, 25 адам қаза тапқан болатын. Тағы 70 тұрғын жарақат алды. Өрттің неден шыққаны әлі тексеріліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы