376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайдан Венесуэлаға гуманитарлық көмек жеткізілді

  • 123
Қытайдан Венесуэлаға гуманитарлық көмек жеткізілді

Қытай Венесуэлаға гуманитарлық көмек жеткізді.

Дәрі-дәрмек тиелген ұшақ Каракас әуежайына барып қонды. 65 мың тоннадай болатын жүкте хирургиялық құрал-жабдықтар мен диабет ауруына шалдыққандарға дәрілер бар. Ал оппозиция жеткішісі Хуан Гуайдо батыс елдері мен халықаралық ұйымдар да жақын арада елге гуманитарлық көмекті күшейтетінін мәлімдеді. Айта кетейік, Венесуэлада 2014 жылдан бері әлеуметтік-экономикалық дағдарыс жалғасып келеді. Бірақ осыған қарамастан, Николас Мадуро елде азық-түлік және дәрі-дәрмек тапшылығын жоққа шығарып, батыс елдерінен гуманитарлық көмек алудан бас тартуда. Тіпті көрші елдермен шекараны жауып, әскерилер мен тұрғындар арасында бірнеше қақтығыс орын алды.

Хабар 24 телеарнасы