377.73 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бішкекте «Еуразиялық апта» халықаралық форумы өтеді

  • 116
Бішкекте «Еуразиялық апта» халықаралық форумы өтеді

Қырғызстан астанасында қыркүйектің 25-27 аралығында «Еуразиялық апта» атты халықаралық көрме форумы өтетін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай шешім Еуразиялық экономикалық одақ елдері үкімет басшылары орынбасарларының кездесуінде қабылданды. Басқосуда тараптар интеграцияны дамыту, ішкі өндірістік нарықты нығайту және экономиканы цифрландыру мәселесін талқылады. Жиында сондай-ақ одақққа мүше емес елдермен сауда жүргізуде техникалық кедергілерді жою туралы келісім жобасы қабылданды. Енді құжат әр елде талқыланып, бекітілуі тиіс.

Виктор Назаренко, Еуразиялық экономикалық комиссияның техникалық реттеу жөніндегі министрі:

– Біз аймақтардың бір-біріне қандай тауар тасымалдауға ниетті екенін анықтап, оны жеңілдету мәселесін қарастырудамыз. Шара тауарларды тасымалдауда қолданылатын түрлі қосымша талаптарды жоюға бағытталған.

Хабар 24 телеарнасы