378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Барселонада Каталония тәуелсіздігін қолдаушылар шеруге шығып, 5 адам жарақат алды

  • 94
Барселонада Каталония тәуелсіздігін қолдаушылар шеруге шығып, 5 адам жарақат алды

Барселонада Каталония аймағының тәуелсіздігін қолдаушылар әсіреұлтшыл «Вокс» партиясының шеруіне қарсы көшеге шығып, қақтығысқа түсті.

5 адам жарақат алып, 7 шеруші тұтқындалды. Мәселен, бұл саяси күш Испанияның тұтастығын сақтауға үндеп, халықты сепаратистік қозғалыспен күреске шақырып отыр. Құрылғанына көп уақыт болмаса да, қазір партияны қолдаушылардың қатары көбеюде. Тіпті әсіре ұлтшылдар сәуір айының 28-і күні өтетін парламенттік сайлауда біраз орынды жеңіп алуды мақсат етеді.

Сантьяго Абаскаль, Vox партиясының жетекшісі:

– Испаниядан бөлініп шығамыз дейтіндерді қолдау – әбестік. Олармен келіссөз жүргізілмеуі тиіс. Біз Испания бірлігін сақтап қалу үшін барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз.

Хабар 24 телеарнасы