389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украинада президент сайлауы басталды

  • 500
Украинада президент сайлауы басталды

Украинада дауыс беру учаскелері таңғы сағат 8-ден жұмыс істеді.

Саяси додаға 39 кандидат түсіп жатыр. Алдын-ала жүргізілген сауалнамаға қарағанда, шоумен әрі кәсіпкер Владимир Зеленскийді жақтаушылар бір шама көрінеді. Одан кейін қазіргі президент Петр Порошенко мен экс-премьер, «Батькивьщина» партиясының лидері Юлия Тимошенко келеді деген болжам бар. Сайлауды 2 мың 300-ден астам халықаралық бақылаушы қадағалауда. Дауыс беру кешкі сағат 8-ге дейін жалғасады. Жергілікті заңға сәйкес, сайлаушылардың 50 пайыздан астам дауысын жинаған үміткер жеңіске жетеді. Бірақ сарапшылар бірінші кезеңде кандидаттар бұл межені еңсере алмайды деген пікірде. Егер алғашқы турда жеңімпаз анықталмаса, сәуірдің 21-і күні сайлаудың екінші туры өтеді.

Хабар 24 телеарнасы