379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда «сары жейделілер» полициямен қақтығысты

  • 162
Францияда «сары жейделілер» полициямен қақтығысты

Францияда сары жейделілер наразылық акциясын өткізді.

Осымен жиырмасыншы рет ұйымдастырылған шара әдеттегідей тәртіпсіздіктерге ұласып, полициямен қақтығыс орын алды.

Ал бұл жолы наразылық шерулеріне бүкіл ел аумағында 34 мың адам қатысты. Парижде көшеге 5 мыңға жуық адам жиналды. Ірі қақтығыстар да осы шаһарда орын алып, 37 адам қамалды. Себебі олар шеру өткізуге тыйым салынған Елисей алаңына өтіп, полицейлерге тас пен шөлмек лақтырған. Тәртіп сақшылары көзді жасаурататын газ қолданып, су шашуға мәжбүр болды.

Хабар 24 телеарнасы