377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украинадағы сайлауда Зеленский, Порошенко мен Тимошенко дауыс берді

  • 158
  • UPD: 18:48, 31.03.2019

Украина халқы алдағы 5 жылда елді басқаратын жаңа президентті сайлап жатыр. Жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 8-де басталған шараға қазірге дейін азаматтардың 16 пайызы қатысқан.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, көрсеткіш 2014 жылғы сайлауға ұқсайды. Доданың басты үміткерлері шоумен Владимир Зеленский, қазіргі президент Петр Порошенко және экс-премьер Юлия Тимошенко өз дауыстарын беріп үлгерді. Бүкіл ел аумағында 33 мың сайлау участкесі жұмыс істеуде. Шара кешкі сағат 8-ге дейін жалғасады. Оны 2 мыңнан астам шетелдік және халықаралық бақылаушылар қадағалауда. Сарапшылар арасында бірінші турда ешбір кандидат сайлаушылардың 50 пайыздан астам қолдауына ие бола алмауы мүмкін деген пікір басым. Егер бүгінгі сайлауда жеңімпаз анықталмаса, сәуірдің 21-і күні сайлаудың екінші туры өтеді.

Хабар 24 телеарнасы