379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда сайлау кезінде 4 адам қаза тапты

  • 140
  • UPD: 07:48, 01.04.2019
Түркияда сайлау кезінде 4 адам қаза тапты

Түркияда жергілікті әкімшілік басшыларын сайлау кезінде 4 кісі қайтыс болды.

Бұл туралы елдің ішкі істер министрлігі хабарлайды. Министрліктің мәлімдеуінше, жергілікті уақытпен 15:00-ден кейін ел көлемінде 310 оқиға тіркелген. Оның 51-і сайлау жәшіктерін сүретке түсіру, 34-і қорқытып-үркіту, 62-сі күш қолдану, 15-і дауыс беру ережесін бұзу және тағы басқа тәртіп бұзушылықтар анықталған.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы өткен жергілікті сайлау нәтижесінде 17 кісі қаза тапқан болатын.

Айта кеткен жөн, түрік жоғары сайлау кеңесінің мәлімдемесіне сәйкес, елде 57 миллион 58 мың 636 дауыс беруші бар. Сайлаушыларға 194 мың 390 сайлау учаскесі құрылған.

Хабар 24 телеарнасы