379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейдің ең бай әйелдерінің бірі ұшақ апатынан көз жұмды

  • 307
  • UPD: 09:31, 01.04.2019
Ресейдің ең бай әйелдерінің бірі ұшақ апатынан көз жұмды BBC

Германияда алты орынды бизнес-джет апатқа ұшырады.

Алдын ала болжам бойынша, ұшақ бортында ұшқыш пен S7 алып компаниясының директорлар кеңесінің мүшесі Наталия Филева және оның әкесі отырған. Әуе көлігі Франкфурттен 6 шақырым жерде орналасқан Эгельсбах әуежайының маңында құлап, өртеніп кеткен. Апаттың нақты себебін анықтау үшін тергеу амалдары басталып кетті. Оны халықаралық комиссия мен ресейлік әуе билігі бірлесе отырып жүргізетін болады.

Айта кетейік, 55 жастағы Наталия Филева Forbes журналы бойынша Ресейдің ең бай әйелдерінің бірі болып саналады. Басылым 2018 жылы Филеваның дәулетін 600 млн долларға бағалаған.

Хабар 24 телеарнасы