389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Перуде су тасқынынан 51 адам қаза тапты

  • 366
  • UPD: 10:27, 01.04.2019
Перуде су тасқынынан 51 адам қаза тапты

Перуде биылғы жауынды маусымнан халық көп зардап шегуде.

Нөсер мен су тасқынынан елді мекендерді су басып жатыр. Осы уақытқа дейін 51 адам қаза тапты. Табиғат апатынан ең көп жапа шеккен – Чанчамайо провинциясы. Перене өзені тасып, 20-дан астам үйді шайып кетті. Мыңдаған тұрғын баспанасыз қалды. Қазір осы және өзге өңірлерде төтенше жағдай енгізіліп, апат аймақтарында құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Биліктің мәлімдеуінше, жалпы биылғы жаңбырлы маусым басталғалы 13 мыңнан астам адам зардап шеккен.

Хабар 24 телеарнасы