379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венесуэлада 20 штат жарықсыз қалды

  • 109
  • UPD: 09:42, 01.04.2019
Венесуэлада 20 штат жарықсыз қалды

Венесуэла тұрғындары тағы қараңғылықта қалды.

Қазір елдің 20 штаты жарықсыз отыр. Осыған орай жергілікті халық жаппай ереуілге шықты. Наразы жұрт Мирафлорес алаңына апаратын жолды жауып, биліктен электр жүйесі мен басқа да коммуналдық қызметті қалыпқа келтіруді талап етті. Наразылық акциясы тәртіпсіздікке ұласты. Ашуға бой алдырғандар көшедегі көліктерді өртеп, кеңселерге зақым келтірген. Бақ өкілдерінің хабарлауынша, қаруланған бір топ адам халыққа бей-берекет атыс ашқан. Оққа ұшқан екі адам ауруханаға жеткізілді. Билік өкілдерінің хабарлауынша, оқиғадан зардап шеккендердің саны әлі де өсуі мүмкін.

Тереса Ринкон, Каракас тұрғыны:

- Жарықсыз қалған соң аш құрсақ жүрміз. Оған қоса ауызсу да тапшы. Бұл қашанға дейін жалғасады. Бір ай болды ғой! Биліктің саясатына мүлдем көңіліміз толмайды. Бізге жаңа үкімет керек!

Хабар 24 телеарнасы