377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Президенттік сайлау: Украинада экзит-пол алғашқы нәтижелерді жариялады

  • 151
  • UPD: 15:23, 01.04.2019
Президенттік сайлау: Украинада экзит-пол алғашқы нәтижелерді жариялады

Украинада ұлттық экзит-полдың нәтижесі бойынша, елде өткен президенттік сайлауда дауыс берушілердің 30,6 пайызы шоумен әрі кәсіпкер Владимир Зеленскийге дауыс берген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екінші орында 17,8 пайыз дауыспен елдің қазіргі президенті Петр Порошенко тұр. Үшінші орында «Батькивщина» партиясының көшбасшысы – Юлия Тимошенко. Ол 14,2 пайыз дауыс жинаған. Төртінші орында 9,7 пайыз дауыспен «Оппоблока» өкілі Юрий Бойко тұр. Сайлау нәтижелері 10 сәуірге дейін жарияланатын болады. Осы жолы президенттікке үміткерлердің біреуі де 50 пайыз дауысқа ие бола алмаса, саяси доданың  екінші туры сәуірдің 21-і күні өтетін болады. Ал соңғы нәтиже мамырдың 1-і жарияланады.

Хабар 24 телеарнасы