389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австралияда суматра жолбарысы күшіктеді

  • 311
  • UPD: 09:49, 01.04.2019
Австралияда суматра жолбарысы күшіктеді

Сидней қаласының хайуанаттар паркі қаңтар айында туған суматра жолбарысының 3 тауланын алғаш рет көрсетті.

2 айдан асқан күшіктерге Мава, Тенге Малам және Пемана деп ат қойылған. Жалпы, бұл жыртқыш аңның әлемде қарасы азайып, жойылып бара жатыр. Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының мәліметіне қарағанда, жер шарында 400-дей ғана суматра жолбарысы қалыпты. Сондықтан кей елдерде оны сақтап қалу үшін түрлі бағдарламалар қабылданып, іс-шаралар жүзеге асырылуда. Сидней хайуанаттар паркі де осы бағытта жұмыс істеп жатқан орынның бірі.

Хабар 24 телеарнасы