379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда орман өртінен 30 адам ажал құшты 

  • 131
  • UPD: 22:38, 01.04.2019
Қытайда орман өртінен 30 адам ажал құшты 

Қытайдың оңтүстік-батысы Сычуань елді мекеніндегі үш күнге жалғасқан орман өртінен 30 адам ажал құшты.

Бұл туралы Қытай Халық Республикасының өрт сөндіру басқармасы мәлімдеді. Қызыл жалын сенбі күні Ялунцзян ауылының маңында тұтанған. Оны ауыздықтауға бастапқыда 689 адам тартылған. Бүгінде қызыл жалынмен алысқан 30 адамның қаза тапқаны анықталды. Айта кетейік, құрбан болғандар өрт сөндірмекші болған еріктілер ме әлде кәсіби өрт сөндірушілер ме белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы