379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Непалда дауыл салдарынан 29 адам көз жұмды

  • 120
Непалда дауыл салдарынан 29 адам көз жұмды

Непалдың оңтүстігі Бара мен Парса өңірінде тұрған қатты дауылдан 29 адам көз жұмды.

Тағы 600 жергілікті тұрғын түрлі деңгейде жарақат алған. Елдің премьер-министі Кхадга Прасад Шарма Оли апат болған аймаққа аттанды. Мамандар дауылдан келген шығын салдарын есептеп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, ойран салған табиғи апаттан тұрғын үйлер қирап, электр сымдары зақымданған. Жауын араласқан желден талдар құлап, жолдарды жауып қалған. Бүгінде өңірде құтқару жұмыстары басталып кетті. 

Хабар 24 телеарнасы