377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Араб мемлекеттері лигасына мүше елдер Трампты қатаң сынға алды

  • 119
Араб мемлекеттері лигасына мүше елдер Трампты қатаң сынға алды golos-ameriki.ru

Тунисте Араб мемлекеттері лигасына мүше елдер АҚШ президенті Дональд Трамптың Голлан жоталарына қатысты шешімін қатаң сынға алды.

Ал жуырда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Еуроодаққа мүше бірқатар ел де даулы аймақ Израиль жері емес екенін және оны күш қолданысымен аннексиялаудың халықаралық заңдарға қарама-қайшы екенін мәлімдеді. Естеріңізге салайық, Ақ үй басшысы 25 наурыз күні Голан жоталарын Израиль аумағына тиесілі екенін мойындайтын құжатқа қол қойған болатын. Әуелде Сирияға тиесілі болып келген жерді Израиль 1967 жылы алты күндік соғыста басып алған. Бүгінде жанжал туғызған шыңдардың батыс бөлігі Израиль әскерімен, ал шығысы Сирия әскерімен күзетіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы