384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Эйфель мұнарасына 130 жыл толды

  • 730
Эйфель мұнарасына 130 жыл толды

Әлемдегі ең танымал сәулет туындысы, Францияның басты символы – Эйфель мұнарасына 130 жыл толды.

Осыған орай ел астанасы Парижде түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Мысалы келген қонақтар мұнараның бірінші қабатында атақты архитектуралық туындының тарихымен танысты. Айта кетейік, нысан бүгінде Францияның символы ғана емес, жылына миллиондаған еуро пайда әкелетін үлкен табыс көзіне айналды. Кезінде биіктігі – 324 метр, ал салмағы 103 мың тонна болатын Эйфельдің салынуына француз халқы қарсы болған еді. Құрылыс жұмыстары 26 ай бойы жалғасты. Мамандар мұнараны тот баспау үшін әр 7 жыл сайын бояп отырады. 

Хабар 24 телеарнасы