388,70 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иранда су тасқынынан қаза тапқандар саны 45 адамға жетті

  • 608
  • UPD: 09:58, 02.04.2019
Иранда су тасқынынан қаза тапқандар саны 45 адамға жетті

Иранның оңтүстігі мен солтүстігі су астында қалды. Бірнеше күн бойы толассыз жауған жаңбыр салдарынан 45 тұрғын қайтыс болды.

Жүздеген адам зардап шекті. Жергілікті билік өңірде төтенше жағдай  жариялап, су бөгетінің бұзылу қаупі бар екенін ескертті.  Тасқын салдарынан көлік қатынасы тоқтады. Халық барар жеріне жете алмай әлек. 56 мың адамның баспанасына және басқа да ғимараттарға айтарлықтай зақым келді. Құтқарушылар қауіпті аймақтардан  халық эвакуациялауға кірісті.  Ал, синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Күн көзі әзір ашылмайды дейді мамандар. 

Хабар 24 телеарнасы