379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венесуэлада 30 тәулік бойы электр қуатын үнемдеу режимі енгізілді

  • 159
  • UPD: 10:46, 02.04.2019
Венесуэлада 30 тәулік бойы электр қуатын үнемдеу режимі енгізілді

Венесуэлада 30 күн бойы электр энергиясын үнемдеу режимі енгізілді. Президент Николас Мадуро халыққа жолдауында осылай деп мәлімдеді.

Яғни енді бір ай бойы үкімет қысқартылған кесте бойынша жұмыс істейді. Электр желісіне күш түсірмес үшін мектептер жабық тұрады. Айта кетейік, Венесуэлада бір айда екінші рет жаппай жарық өшіп отыр. Бұған дейін 7 наурыз күні елде блэкаут тіркеліп, бір аптаға созылған еді. Салдарынан дүкендерде азық-түлік бұзылып, тапшылық болған болатын. Ал қосымша генераторы жоқ ауруханаларда электр энергиясының жоқтығынан ондаған науқас көз жұмды. Жергілікті билік блэкаут АҚШ-тың кибершабуылы салдарынан орын алып отыр дейді. Оппозиция болса, биліктің салғырттығы мен жемқорлық салдарынан халық жарықтан қағылды дегенді алға тартады. 

Хабар 24 телеарнасы